С.Мешітбайқызы: Бәлкiм, одан да көп
Жер дегенде Қытай алдымыздан шығатыны да өтірік емес. Қазақстандағы мұнай өндірісінің 25%-ы қытайлық компаниялар үлесінде екені анық ақпарат. Қазақстан мұнайын игеруді осылайша бастаған Қытай компаниялары өз позицияларын жыл өткен сайын күшейте түскен. Ол аз десеңіз, Қазақстанда 400 мың этникалық қытай өмір сүріп жатыр. Бәлкім одан да көп…Ел мен жерге жауапты президент ретінде «…Егер шүршіт келмесін, егер шүршіт қаптаса, Алып бір кетер ақтарып, көмулі көрден денеңді» деген бабамыз Бұқар жыраудың толғауын естен шығармағайсыз?…
Әлеуметтік желі деген біреуге бақ, біреуге дақ болып тұр ғой. Не іздесең бәрі бар. Өсек-аяң мен әлемдік ақпарат та тізіліп тұр. Кім қалай байыды, кімнің қазынасы қайда жасырулы… бәрі ашық. Ең сорақысы – зорлық- зомбылық, интимдік қатынастарға бала-шағаның да қолы жетімді. Кейде билік басындағы азаматтарға орынсыз соқтығу, тіл тигізіп қаралау да белең алып жатады. Президент мырза, осы әлеуметтік желі мәселесіне де қатаң шара қолдануды қолға алсаңыз? Заң арқылы тыйым салып, бұғаттауды жүзеге асырмасақ бәрі кеш бола ма деген күдігім бар.
elana.kz