С.МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: … ұрпақтың санасын улап бітірді

Намысы бар қазағым оянайық, дүр етіп бір сілкінейік… Әйтпесе, Байзақова секілді ардан безген қыздар, өскелең ұрпақтың санасын улап бітірді. Неке қимай-ақ бала туып, оны көпке ашық айтып, эфирдің бетін бермей жүр қазір.

Ұят дейтін ұлы қасиетті ман­сұқтаған, ата-баба аманатынан алыстаған, тіл мен дініне түкірген қыздардың киелі дейтін сахнаны ластап, тәрбие құралы саналатын экранды жайпап, әлеуметтік желілерде “жұлдызға” айналғаны мен секілді аналарға оңай соғып жатпағаны рас. Қандай жолмен болса да атын шығаруға ұмтылған қазақтың кейбір қыздары тырдай жалаңаш шешініп, оны “дамыған елдерге тән” еркіндік символы қылып көрсетуге тырысуы — масқаралықтың көкесі. Миллиондар тесіле қарайтын, халықтың қаржысына тәуелді телеарналар мен тәуелсіз БАҚ та жартылай жалаңаш әнші қыздарды жарнамалауды доғарсын! Өйтіп көрермен тартып көгермей-ақ қойсын! Бұлайша халықтың ашу-ызасын туғыза берудің арты жақсылыққа апармайды.

elana.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.