Сақтандыру ақшасы қалай жұмсалуда?

Рахым ОШАҚБАЕВ, экономист: 

Реформа аясында сіздер миллиондаған қазақстандықтан 1,5 мың теңге көлемінде ай сайын алынып міндетті медициналық сақтандыру қорына жиналады. Сақтандыру қоры деп атайтын бұл ешқандай да сақтандыру қоры емес. Бұл жай ғана жиналып жатқан салық.

5 146 қызметкері бар Денсаулық сақтау министрлігінің жылдық шығыны 17 млрд теңгенің шамасында. Ал, 251 қызметкер жұмыс істейтін қордың шығыны не үшін көп? Өйткені, олардың бәрі өте қымбат кеңсені жалдап, аса қымбат көліктерде жүретін болу керек. Жалақылары да өте жоғары. Мысалы, қор басшысының айлығы 1,7 миллион теңге. Ал, басқарушы директорлары 1,1 млн теңге алады ай сайын. Мұның бәрі біздің медициналық сақтандыруға деп беретін ақшамыз.

Хабар

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.