«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА АРНАЙЫ КЕЛДІ

Арыс қаласындағы бір қатар әлеуметтік нысандардың қайта жөндеу жұмыстарын ұлттық қор қаржыландыруда. Мәселен, бүгінгі таңда бөлінген ақша тиімді жұмсалып,  мектеп, балабақша, аурухана және теміржол вокзалы жаңалану үстінде. Жауапты мердігер компаниялар тірлікті берілген мерзімде аяқтайтындарына сенімді.  Осындай ауқымды істің қалай жүріп жатқанын көру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Арыс қаласына арнайы келді. Бірінші аялдаған нысан «Көктем-2»  шағынауданында орналасқан Иван Журба атындағы жалпы орта мектеп болды. Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жетпісбай білім ұясында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. 300 орынға шақталған мектепті жөндеу мердігер мекеме «Мадина Petroleum» ЖШС-ге сеніп тапсырылған.

Ал  «Алтын Тұмар» бала-бақшасының құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі  15 тамызға белгіленген. Тапсырыс беруші- «Samruk-KazynaConstruction» АҚ. Нысан 280 балаға шақталып соғылған. Ахметжан Есімов жауапты басшыларды сөзге тартып, мәселенің бар жоқтығын сұрап шықты. Жалпы берілген тапсырма тиянақты атқарылып жатқанына көз жеткізді. «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы 1989 жылы салынған орталық аудандық аурухананың құрылыс жұмыстарын да назарға алды. Мұнда да қолға алынған жұмыс көлемі ауқымды, ең бастысы сапасы мен біту мерзіміне көңіл аудару керектігі пысықталды. Елордадан келген жұмысшы топ, «Арыс-1» теміржол вокзалына да барды. Мердігер мекеме қайта жөндеу және қалпына келтіру ісінде кемшіліктің болмайтынын айтты. Сонымен қатар күндіз-түні тірліктің жасалып жатқанын жеткізіп, нысанның 21 тамызда тапсырылатынын мәлімдеді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.