САПАЛЫ БІЛІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Бүгін Республикалық қоғамдық штаб мүшесі И.Хашимжанов, Қалалық қоғамдық штаб мүшелері Б.Әлтеев, Н.Бұхарбай, Г.Сарсенбаева, Д.Исабеков, Д.Баширов, Р.Ашетаев Абай ауданына қарасты Ұлықбек атындағы №3 орта мектептің ұжымымен жүздесті. Басқосуда ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, алдағы саяси науқанның маңызы айтылды.

Елді толғандыратын мәселе аз емес. Қазір баспана, жалақы, жол, білім, медицина салаларында қордаланған мәселе көп. Қасым-Жомарт Тоқаев сол түйткілді түйіндерді шешудің ең оңтайлы жолын ұсынып отыр. Сайлауалды бағдарламаның әр тармағында өзекті сауалдардың жауапбы бар. Қ.К.Тоқаев «мемлекет адам үшін» деген ұстанымды алға тартып отыр. Президент сайлауалды бағдарламада орта білімге көп көңіл бөледі. Ең алдымен, іргелі білім туралы, өйткені Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатыр. Балаларымыз тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білімге тең қол жеткізуі керек. Бұл алшақтық барынша азайтылуы тиіс, — деді сенімді өкіл Нұрғазы Бұхарбай.

Қоғамдық штаб мүшелері ұстаздар қауымана Тоқаевқа дауыс беру, Әділетті Қазақстанды таңдау екенін айтып, үгіт-насихат жүргізді. Жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған тақырып төңірегінде сауалдарын қойып, ойларымен бөлісті.

#Toqaev2022

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.