ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫНА АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Жарқын болашаққа жол бастайтын ел жастарының қаруы – ұлттық тәрбие, мен парасатты сана және білім мен жоғары біліктілік.

Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық штаб төрағасы Е.Тұңғышбаев Сарыағаш ауданының жастарымен кездесу өткізді.

Жас буынды адал іске үндейтін шараның негізгі мақсаты — жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез — құлықтың жарқын үлгісін қалыптастыру, қоғам індетінің деңгейін төмендету және жас ұрпақты жанашырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Жастармен кездесу барысында Ерұлан Икрамұлы пара алушымен қатар, пара беруші де қылмыс жасаушы болып саналатынын және жемқорлыққа қарсы жалпы қабылданған тәртіп үлгісінің алғышарттарын жіті түсіндіріп, қоғам дертімен бірлесіп күресуге шақырды. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек.

Шара соңында белсенді жастар көкейінде жүрген бірқатар сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.