Сауықтыратын шырындар
- Сәбіз + жанжабіл (имбирь) + алма – иммундық жүйені нығайтады.
- Алма + қияр + балдыркөк (сельдерей) – қатерлі ісіктің алдын алады, холестерин мөлшерін азайтады, асқазан ауруы мен бастың сақинасын жазады.
- Қызанақ + сәбіз + алма – терінің түсін жақсартып, ауыздағы иісті жояды.
- Ащы бұрыш + алма + сүт – ауыздан жағымсыз иісті кетіреді және қызуды түсіреді.
- Апельсин + жанжабіл + қияр – терінің түсі мен ылғалдылығын жақсартады және дене қызуын түсіреді.
- Ананас + алма + қарбыз – денедегі артық тұздарды шығарып, қуық пен бүйректі қоректендіреді.
- Алма + қияр + киви – терінің түсі мен ылғалдылығын жақсартады.
- Алмұрт + банан – қандағы қант мөлшерін реттейді.
- Сәбіз + Алма + алмұрт + манго – дененің ішкі жылуын арттырып, улы заттарға қарсылығын күшейтеді, қан қысымын төмендетіп, ағзаның жалпы қышқылдануымен күреседі.
- Жүзім + Қарбыз + Сүт – С дәрумені + B2 дәрумені, олар жасуша белсенділігін арттырып, ағзаның иммунитетін күшейтеді.
- Папайя + ананас + сүт – C, E дәрумендері, темір. Терінің түсін жақсартып, зат айналымын реттейді.
- Банан + ананас + сүт – дәрумендер мен қоректендіргіш заттарға бай, іш қатуының алдын алады.