«Семифредо» тоқбасары

Құрамы: 2 жұмыртқа, 250 мл кілегей, 30 г құмшекер, 70 г цукат, 100 г жеміс-жидек, 50 г фисташка дәндері, ваниль.

Дайындалуы: Жұмыртқаның сарысын ағынан бөліп алып, оған құмшекер қосып, әбден ағарғанша былғаңыз. Енді жұмыртқаның ағын көпіргенше былғаңыз. Сосын кілегейді де былғап, үшеуін де бір ыдысқа салып араластырыңыз. Оған фисташка дәндерін, цукатты, жеміс-жидекті қосыңыз. Шұңғыл ыдыстың астына сары май жағып, оның бетіне ас пленкасын жайып, қоспаны құйыңыз да, тоңазытқышқа 5 сағатқа қойып қойыңыз. Қатқан соң, оны әдемі ыдысқа аударып салып, үстінен ерітілген шоколад не тәтті крем жағыңыз. Семифредоны кесектеп турап берген жақсы.
Асыңыз дәмді болсын!

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.