Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын: Ал, біз қашан ойланамыз осы?!
Осыдан біраз уақыт бұрын «Аргументы и факты» апталығы академик Сергей Капицаның «Ресей ақымақтар еліне айналып барады…”» атты дабылды мақаласын жариялады. Орыстардың небары 35-ақ пайызы кітап оқымаса, қазір қазақтардың 99 пайызы оның бетін де ашпайды!
Кітап оқымайтын елдің екі көзі – теледидарда… Онда күнде – шоу, Байжанбаевтар жоқ, оның орнында Қоянбаевтар отыр! Қоғамды ішек-қарын “патшалығы” басып алды… Мәдениетті комерцияға басыбайлы құл қылудың соңы сорға айналып барады! “Мемлекет – деп жазады академик – өзінің күш-қуатын ақшамен немесе әскери күшпен еселей алмайды. Мемлекеттің мерейін мәдениет пен әдебиет қана тасытады! Мәдениет пен әдебиеттің даму деңгейі – ұлттық қауіпсіздіктің басты өлшемі осы” -дейді орыс оқымыстысы.
Орыстар – ой үстінде. Ал, біз қашан ойланамыз осы?!
Alashainasy.kz