Шаршамайтын желаяқ

Дин Карназес өмір бойы алыс қашықтыққа жүгірумен айналысып келеді. Бір қызығы, ол күні бойы тоқтамай жүгірсе де, шаршауды білмейді және еш жері ауырмайды.

Дин Карназестің жетістіктері расымен таңқалдырмай қоймайды. Ол 560 шақырым қашықтықты 80 сағат 44 минутта, бір сәт те демалмастан, ұйқыға үзіліс алмастан жүгіріп өткен. Ал 2002 жылы Оңтүстік полюсте марафондық қашықтықты -25 °C аязда жалаңаяқ еңсеріпті. 2006 жылы 50 штаттағы 50 марафонды 50 күнде жүгіріп өткен. 75 күнде АҚШ аумағында 4800 шақырым қашықтықты еңсерген. Дин Карназес бұл жетістіктерімен шектелмей, өзінің ерекше төзімділігімен елді таңқалдыра түсуде.

«Pbt».

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.