Шығыс жұлдызнамасы: ДОҢЫЗ ЖЫЛЫ

Бұл белгіде туылғандар алдағы жылы қол созған мақсатына жету үшін айналада болып жатқан оқиғаларды дұрыс сараптай білуді үйренуі керек.  Көктемнің бірінші айында қомақты табыс түсіп, қаржылық жағдайыңыз айтарлықтай жақсарады. Бұл ақшаны босқа жаратпай, жылжымайтын мүлік сатып алыңыз немесе шағын жеке бизнес ашуға жұмсаңыз. Пайдасын көп өтпей-ақ көресіз.

Махаббат мәселесінде де жолыңыз болғалы тұр. 2018 жылы өмір бойы армандаған адамыңызды жолықтыруыңыз ғажап емес. Бірақ, құштарлықтың тұтқыны болып, бар дүниеңізден бір-ақ сәтте айырылып қалу қаупі де бар. Дегенмен, отбасыңыз дер кезінде қолдау көрсетіп, аз уақытта бәрін қайта қалпына келтіріп аласыз.

Жылдың екінші жартысына әртүріл іссапарлар мен кездесулерді көбірек жоспарлаңыз. Араласатын адамдарыңызды да арттырыңыз. Жаңа таныстық пайдалы болмаса, зияны тимейді. Тіпті сол жаңа таныстарыңыздың арқасында өмірлік көзқарасыңыз өзгеріп, табысыңызды арттырып қана қоймай, нағыз ләззат сыйлай алатын жаңа жұмысқа ауысуыңыз да мүмкін.

Отбасылы жандар бұрынғы түсініспеушіліктің бәрін артқа тастап, жаңа, бақытты өмір бастайды.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.