Шығыс жұлдызнамасы: МЕШІН ЖЫЛЫ

Маймыл жылы туылғандардың бәріне ортақ бір мінез ерекшелігі – олар тәуекелге бас тіккенді жақсы көреді. Бірақ, Ит жылында мұндай көзсіздікке барудың қажеті жоқ, әйтпесе ақшадан да, денсаулықтан да қиындық көруіңіз әбден мүмкін.

Жиі іссапарға шығып, кездесулерге барғанды, адамдармен араласқанды жақсы көретіндерге 2018 жылы бұл әуестіктері бұрынғыдай ләззат сыйлай қоймайды. Керісінше, сіз көпшілікпен араласқан сайын жағымсыз жағдайларға жиі тап болып, алаяқтардың құрығына түсіп қалуыңыз ғажап емес. Айталық, сәуір-мамыр айларында көзсіз ғашық болған адамыңыз сізді алдап, қарызға белшеден батырып кетуі мүмкін. Сондықтан, тым «шошаңдай» бермей, әр қадамыңызды байқап басыңыз.

Ал іскер кәсіпкерлер мен шығармашылық адамдарын үлкен табыс күтіп тұр. Олар көптен көкейде жүрген жоспарын іске асырып, тіпті жеке бизнесін дөңгелентіп әкете алады. Яғни таңдаған ісіңізге шын көңілмен кіріссеңіз, қаржылық табыс та, атақ пен даңқ та аз болмайды.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.