Шығыс жұлдызнамасы: ТАУЫҚ ЖЫЛЫ
2018 жылы Тауық белгісіндегілер жұмыстан бас ала алмайтын болады. Алайда бұл еңбегіңіздің жемісі де аз болмайды. Жылдың ортасына қарай ақшаңызды сүйіктіңізбен бірге саяхаттап қайтуға жұмсауға мүмкіндік туады. Дегенмен, тапқаныңызды оңды-солды шаша бермеңіз, жылдың екінші жартысында ондай үлкен кіріс кірмейді.
Бұл жыл қоғам қайраткерлері үшін табысты жыл болмақ. Көпшілікпен жұмыс істейтін жандар өз қабілеттерін жан-жақты көрсетіп, әлеуметтік мәртебесін көтеріп алады. 2018 жылы тапқан жаңа достарыңыздың арасында елге белгілі тұлғалар да аз болмайды.
Тауық жылы туылғандар денсаулығына мұқият болғаны жөн. Күтпеген жерден белгісіз бір дерт айналдыруы мүмкін. Оның себебін де, емін де таппай, біраз қиналуыңыз ғажап емес. Соның салдарынан еңбек өнімділігіңіз төмендеп, өмірлік қуатыңыз азайып бара жатқандай сезінесіз. Мұның жалғыз ғана себебі – шаршау. Сондықтан, ұйқы мен демалысқа жеткілікті уақыт бөліп, денсаулығыңызды жиі тексертіп тұрыңыз.