Шымкент: 19 жасар студент автокөлікке ұрлыққа түскен

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, үйінің ауласында тұған «BMW» маркалы автокөлігіне белгісіз тұлға ұрлыққа түсіп, автокөліктің есігін заңсыз ашу арқылы ішінде болған қара сөмке мен 550 000 (бес жүз елу мың) теңге қаржылай ақшасын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Полиция қызметкерлері хабарды алған бойда, күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдады. Тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, шұғыл-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, күдікті азамат тәулік ішінде анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 19-да, студент.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті сағат 16:01 шамасында көше бойында ешкім жоқтығын пайдаланып, маңайдағы үйлердің біріне қақпасы арқылы заңсыз кірген. Аулада тұрған автокөліктің ішіндегі қара сөмке мен ақшаларды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қаржыны бас пайдасына жаратпақ болғанымен, үлгермей қалған.

Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барғанын жеткізді.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚК-тің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.