Шымкент: Әйелі өз күйеуінің бағалы заттары мен 2 млн. теңгесін ұрлап кетті

Оқиға 2022 жылдың 18-қазанында, сағат 16:30 шамасында орын алған. Күйеуінің құны қымбат алтын жүзігі, ноутбугы мен қомақты қаржысын ұрлаған әйелі заттарды сатып, содан пайда таппақ болыпты.

Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, күндізгі уақытта жұмыстан үйіне келген кезінде, өзінің азаматтық некедегі әйелі қонақ бөлмедегі сейфтен құны 200 мың теңге тұратын алтын жүзігі мен 250 мың теңгелік «Asus» маркалы ноутбугін, оған қоса 2 000 000 теңге ақшалай қаржысын жасырын жымқырып кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 450 000 (екі миллион төрт жүз елу мың) теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай, бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ұсталған азаматша өз кінәсын толықтай мойындап, бұл заңсыз әрекетке баруына екеуара бас араздығы себеп болғанын жеткізді.

Қазіргі кезде айғақты заттар тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.