Шымкент: Бір аптада «102» арнасына 8000-нан аса қоңырау түсті

2022 жылғы 26-желтоқсан мен 1-қаңтар аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 8091 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3484 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 4 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: тонау — 1, бұзақылық – 1, автокөлікті заңсыз иелену – 1, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру — 1.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1054 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 180, жол ережесін бұзған – 664, одан басқа да 210 жайт анықталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.