Шымкент: «Бір нүктелік» рейдтік шарасы барысында 2847 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының нұсқауымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысты алдын алу мақсатында әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері «Бір нүктелік» рейдтік шаралары жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылдың 15-17 сәуір аралығында жалпы 2847 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда: көлік құралын мас күйде басқарған 2 тұрғын (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы); көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарған жайты бойынша 19 жайт (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы); ұялы телефон пайдаланған 153 азамат (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы) анықталған.

Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін тақапастан көлік құралын басқарған 369 жүргізуші (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы); маневр ережесін бұзған 41 азамат (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы); қозғалыстың қарсы жолағына шыққан 8 тұрғын (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі); бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кеткен 30 жайт (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы) тіркелген.

Бұдан өзген, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген 11 жүргізуші (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы); авариялық жағдай туындатқан 3 көлік иесі (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы) анықталған және жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзған 30 жайт тіркеліп, тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал 71 автокөлік айыптұраққа қойылды.

«Мегаполистің полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысты алдын алу мақсатында жолда мас күйінде  көлікке  отырған, авариялық жағдай туындатқан жүргізушілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды күнделікті анықтауда. Алайда, полицейлердің ескертулеріне қарамастан, кей жүргізушілер салдары туралы  ойланбай көлік жүргізіп, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп жатады. Қала аумағында осындай жайттарды алдын алу және болдырмау үшін рейдтік іс-шаралар ұдайы жүргізіп отырамыз. Азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстанып,өз өмірін қатерге тікпеуге кеңес береміз», — дейді Патрульдік полиция полкінің Штаб бастығы полиция майоры Бақытжан Набиев.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.