Шымкент: «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері қала аумағында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — есірткі құралдарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және жолын кесу. Аталған іс шара аясында химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, жеке кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар мен медициналық мекемелерінде құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттары бар дәрі-дәрмектер заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу, арнайы рұқсатсыз жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын тұлғаларды анықтау көзделді. Іс-шараның нәтижесінде бес тәулік ішінде есірткі қылмысына қатысты жалпы 9 құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.