ШЫМКЕНТ: ЕРАЛЫ ЖҰМАХАНБЕТОВ ОНЛАЙН-ФОРМАТТАҒЫ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетовтің онлайн қабылдауына 46 азамат алдын ала жызылған. Оның жиырмадан астамы қабылдауда өз мәселелерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Ералы Мұсаәліұлы әрбір азаматтың мәселесін егжей-тегжейлі қарап, шағымданушыларды мұқият тыңдады. Негізінен сұрақтар қылмыстық істер бойынша, соның ішінде алаяқтық фактілеріне қатысты болды. Сондай-ақ, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуға қызығушылық танытқан азаматтарға толық мәлімет берілді. Өз кезегінде Ералы Мұсаәліұлы аудандық полиция басқармаларының орынбасарлары мен басшыларына барлық сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар берді. Қабылдауға келген азаматтардың мәселелері бақылауға алынып, оларды түпкілікті нәтижеге дейін жеткізу жауапты қызметкерлерге жүктелді.
«Азаматтарды қабылдаудағы мақсат — олардың мәселелеріне заң аясында жауап беріп, дұрыс шешілуін қадағалау болатын. Яғни халықпен тікелей диалогты орнату және нығайту болып табылады. Бұл туралы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында да нақты тапсырма ретінде жүктеген болатын. Қабылдауға келген азаматтардың мәселелері бақылауға алынып, нақты жұмыстары жүргізіледі» — дейді Ералы Жұмаханбетов.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.