Шымкент гарнизонында балалар суреттері байқауы өтті

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелері әскери қызметшілерінің балалары арасында «Отан – отбасынан басталады» атты балалар суреттері байқауы өтті.

 

Механикаландырылған бригада әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің басшысы Жамал Оразбек атап өткендей, мұндай конкурстар балаларға Отан қорғаушының бейнесін өз ата-аналары, жақындары арқылы елестетуге көмектеседі, әскери қызметке қатыстылық пен құрмет сезімін қалыптастырады.

Байқауға мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас), оқушылар (7-13 жас) және жасөспірімдер (14-17 жас) қатысып, «Менің әкем – батыр», «Қазақстан – әлем елі» және «Біз батырлардың ерліктерін есімізде сақтаймыз» номинацияларындаөз туындыларын орындады.

Жұмыстарды бағалау кезінде комиссия қатысушылардың тақырыпты сақтауын, авторлық шешімнің мәнерлілігі мен бірегейлігін, шығармашылық тәсілін, тақырыптың өзектілігін, ашылу тереңдігін және орындалу сапасын ескерді.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Шахрезада Ибаділдә иеленді. Номинациялар бойынша Назерке Қалмырза, Айлуна Тәліпбай және Ердәулет Әбдіралиев алдыңғы шептен көрінді.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Конкурсшылардың суреттері келесі кезеңге қатысу үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметіне жіберілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.