ШЫМКЕНТ: ИМАМДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҮЛГІДЕ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты мешіт, медресе, және намазханадағы діни мамандарды кезекті аттастациядан өткізіп, жаңадан бұйрық алып, қызметке тұратын діни мамандарды (имам, найб имам, молда, азаншы, ұстаз т.б.) жеке істерін реттеп, діни білімдерін сараптап, бұйрықтандыру мақсатында өткізілді. Аталмыш шараның ашылуына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысып, имамдарға дәріс оқыды.

«Аттестацияның мақсаты – еліміздегі дін саласында қызмет етіп жүрген имамдарымыздың діни біліктілігін арттыру мен діни білімдерін үздіксіз дамытып отыруға жағдай жасау. Әрі осы сынақ емтиханы арқылы имамдардың өз-өздерін бағалауға, шыңдауға мүмкіндік тудыру»,- деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, бүл аттестацияның ерекшелігі компьютерлік бағдарламада арнайы әзірленген тест сұрақтарынының шектеулі уақыт аралығында жауап беруге шақтап жасалған.

Тестілеу ақида, (сенім), фиһқ (шариғат үкімдері), әкімшілік жүйе (заң) бойынша сынақ тапсырады. Ал Құран, Ислам тарихы және Тұғырнама және тұжырымдам бойынша ауызша сұрақ-жауап түрінде өткізледі.

ҚМДБ-ның Аттестациялық (сараптау) комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Аттестациялық (сараптау) комиссиясының төрағасы — Алау Әділбаев, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі — Нұрбек Есмағанбет, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі — Сансызбай Шоқанов, Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі — Жәнділлә Бекжігітов, Кадр бөлімінің меңгерушісі — Байұзақ Бекмұратов және ҚМДБ-ның бөлім мамандары Бауыржан Абдуллаев пен Ержан Есім қатысып, мешіт қызметкерлерінің деңгейлерін айқындады.

Аталмыш шара аясында Шымкент қаласы бойынша 104 мешіттің 280 дін қызметкері аттастациядан өткізлді. Ал Түркістан облыс бойынша 722 мешіттің Арыс, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандарынан 318 дін қызметкері аттастатциядан өткізіледі.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.