Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов онлайн-форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Шымкент қаласының 100-ден астам тұрғыны Бірыңғай қабылдау күні барысында Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетовтың қабылдауына келді. Әрбір сындарлы диалог 20 минутқа созылды. Ералы Жұмаханбетов азаматтардың барлығын мұқият тыңдады.
Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының халықты жеке қабылдауының негізгі міндеті азаматтардың мәселелеріне заң аясында көмек көрсету болып табылады.
Бүгін Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігінің сұрақтары алаяқтық фактілеріне қатысты.
Ералы Мұсаәліұлы қабылдауға келгендердің мәселелерін мұқият тыңдап, сұрақтарына толыққанды жауап берді. Сондай-ақ аудандық полиция басқармаларының орынбасарлары мен басшылары барлық сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар алды.
Бірыңғай қабылдауға келген азаматтардың мәселелері бақылауға алынып, оларды түпкілікті нәтижеге дейін жеткізу жауапты қызметкерлерге жүктелді.