Шымкент: «Құқықтық тәртіп» профилактикасының алғашқы күнінде 800-ден аса құқықбұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың 23-30 қараша аралығында қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты қала аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Іс-шараның алғашқы күнінде 802 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде:
— Ұсақ бұзақылық -155 жайт;
— Тыныштықты бұзу -28;
— Қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу -129;
— Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы -56;
— ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру -155;
— Көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау -125;
— Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы -113; т.б. құқықбұзушылықтар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.