Шымкент: «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 1077 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің өызметкерлерімен ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бір тәулігінде жалпы 1077 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
— Ұсақ бұзақылық -126 жайт;
— Тыныштықты бұзу -52;
— Қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу -179;
— Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы -79;
— Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру -329;
— Қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау -128;
— Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы -153 жайт; басқа да құқық бұзушылықтар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.