Шымкент: Мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Е.Шораев №36 жалпы орта мектебінің оқушылары арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Яғни бастауыш сынып оқушыларына көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүру және бағдаршамның түстері мен қызметі туралы түсіндірілді. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.

«Балаларға жолда өзін-өзі қалай ұстау қажеттігі жайлы кішкентай кезінен бастап үйрету керек. Біздің міндетіміз – жол ережесін сақтайтын тәртіпті жол қозғалысына қатысушыларды тәрбиелеу» -деді полиция капитаны Е.Шораев.

Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы еске салды. Сондай-ақ ата-аналарға балаларына үнемі жолда жүру ережелерін барынша естеріне салып, қадағалап отыру керектігін айтты.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.