Шымкент: Өзімен бірге есірткі сақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Әл-Фараби  аудандық сотында 21 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Аталған азамат Шымкент қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі бойында келе жатқан кезде жолдың бойынан қара түсті изолентаның жатқанын көріп, көтерген. Содан изолентаны ашқан уақытында ішіндегі зат «пирролидиновалерофеноном» психотропты зат екеніне көзін жеткізіп, психотропты затты сақтау заңға қайшы екенін біле отырып, заңсыз иемденіп алған. Тиісінше, одан өз еркімен арылуға немесе полиция қызметкелеріне тапсыруға мүмкіндігі бола тұра, ары қарай өзінің тұтынуы мақсатында, өзімен бірге сақтауды шешкен. Алайда, оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлерімен есірткі заты анықталып, тәркіленіп алынды. Сот сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған психотропты зат «пирролидиновалерофенон» /а-PVP/ екені анықталған. Жалпы салмағы – 0,3125 грамм құраған. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған.

Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, істеген іс-әрекетіне өкініш білдіріп, соттан өзіне қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауды сұраған.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен ер-азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігінде   (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 80 (сексен) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.