Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңнан астам азамат жүгінді

Ағымдағы жылдың 31-қаңтары мен 6-ақпан аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 7105 қоңырау түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды (2 ұрлық, 3 бұзақылық жайттары). Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

 

Сондай-ақ, 1929 әкімшілік құқық бұзушылық жайты анықталды. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы «ортақ пайдалану орындарын ластау» (298 жайт), ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» (34 жайт), ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «қоғамдық орындарда тиісу» (35 жайт) бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 1106 жол қозғалысы ережелерін бұзу және 456 өзге де құқық бұзушылық анықталды.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.