Шымкент: Соңғы 5 (бес) тәулікте жол үстінде қарсы бағытқа шыққан 9 жүргізуші анықталды

Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады. Қала аумағында бес тәулік ішінде 9 жүргізуші қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғандары анықталды.

Осы ретте тәртіп сақшылары құқықбұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қарама-қарсы бағытқа шығу секілді жол қозғалысы ережелерін бұзу көлік құралын басқару құқығынан 6 айға айырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.