Шымкент: Тәртіп сақшылары әріптес қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының жеке құрамы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әріптес аруларды, ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектерді арнайы құттықтады.
Басқарма бастығы полиция подполковнигі Данияр Плалов шен таққан нәзік жандылар мен мемлекеттік қызметкерлерді мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын және алғыс хаттар тапсырды.
Айта өтетін ақпарат, темірдей тәртіпті талап ететін ішкі істер органдарында жүрген арулар өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен және аса жауапкершілікпен атқарып келеді. Қаратау ауданы полиция басқармасында ер-азаматтармен қатар 21 әйел қызмет етеді. Олардың 12-сі — офицер болса, 3-уі — мемлекеттік қызметкер, 6 ерікті құрам.
Сондай-ақ, басқармада көп жылдар бойы еңбек еткен 13 әйел зейнеткерлерді де шақырып, атаулы мейрам аясында сый-сияпат табыстап, құрметке бөледі.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.