Шымкент: Заңсыз құс аулаумен айналысқан азамат ұсталды

Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау тобының  қызметкерлері рейдтік іс-шара өткізді.

Шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

 Мәселен, 2023 жылдың 9-қаңтарында  «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген тұлға анықталды. Құқық бұзушы азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігімен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары заңсыз аң, құс аулап, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке  әкеп соғатынын ескертеді.

         Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.