Шымкент: жергілікті тұрғыннан есірткіге ұқсас зат табылды

2021 жылдың 6-мамыр күні сағат 18:45 шамасында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ Жергілікті полиция басқармасы бөліміне қарасты №54 УПП учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты қадағалау және қылмыстың алдын алу мақсатында аралау кезінде күдік тудырған азаматты байқайды.

 

Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан қағазға оралған жасыл түсті хош иісі бар есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды.

 

Аталған жайтқа қатысты полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жергілікті тұрғын анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеріледі. Оның нәтижесі бойынша аталған азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.