Шымкентте 400 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ-түрік кәсіпкерлер қауымдастығы 400-ден аса отбасыға қайырымдылық көмегін таратты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдегі қауымдастық мүгедек жандар мен жалғыз басты аналарға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 500-ден астам азық-түлік себетін табыстады.

Әлеуметтік себет ұн, май, шай, қант, күріш пен макарон сынды алғашқы қажетті азықпен толтырылған. Күнделікті тамақ пен киім-кешегін әрең алатын отбасылар үшін бұл күтпеген тосынсый болды. Олар қайырымдылық шарасын жасағандарға ризашылықтарын білдірді. Бұл отбасылар тізімін облыс әкімдігінен алғанын айтқан кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері алдағы уақытта да мұндай игі істер  жалғасын табатынын айтып отыр. Айта кетейік, бүгінде «Қазақ-Түрік» кәсіпкерлер қауымдастығында 50-ден астам қазақ-түрік кәсіпкерлері тіркелген. Бұл қауымдастық екі ел арасындағы қарым-қатынастың арта түсуіне ықпал етіп, құқықтық көмек көрсетеді және өңірге инвесторлардың көптеп келуіне ықпал етіп келеді.
inform.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.