Шымкентте адасып кеткен жасөспірім аман-есен табылды

2021 жылдың 18-мамыр күні Әл-Фараби АПБ «102» нөміріне қала тұрғынынан 11 жасар жасөспірім адасып кетті деген хабарлама түскен. Онда оның Шымкент қаласының Т.Рысқұлов көшесі №2 үйден белгісіз бағытқа шығып кеткендігі айтылған.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден шұғыл іздестіру жұмыстарына жұмырылдырылды. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстарын кеңінен жүргізген.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адасып қалған жасөспірім бір сағат ішінде табылып, анасына дін-аман табысталды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.