Шымкентте бөтеннің 2 млн ға жуық ақшасын иемденген азамат ұсталды

Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны  арызданған. Ол Шымкент қаласында орналасқан тұрмыстық техника сататын дүкендердің біріне тұрмысқа қажетті техниканы алу мақсатында барғанын айтқан. Таңдаған техникасын  несиеге рәсімдеу кезінде банк қызметкері жәбірленушіге мүлкінің 1 260 000 теңге құрағанын айтып, азаматшаға несие алғаны туралы растайтын құжат бермеген. Арада уақыт өткенде несие төлемін жасамақ болған жәбірленуші банк қызметкерінің өзінің атынан 3 063 526 теңге несие рәсімдегенін біліп жедел түрде полиция қызметкерлеріне жүгінген.

Аталған жайт бойынша, Әл-Фараби АПБ жергілікті полиция бөлімі №17 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілген..

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Егер Сіз заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласуды ұмытпаңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.