Шымкентте карантин режимін бұзған бильярд клубы анықталды

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік                іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 2-маусымында сағат 22:15-те Жібек жолы №56/2 үйде орналасқан «Қостұра» бильярд клубы карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Сонымен қатар, «Ashyq» бағдарламасына тіркелместен келушілерді қабылдағаны белгілі болды. Қызметкерлері клуб ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен. Енді анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына                     іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарынан коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты сақтық шараларын сақтауды сұрайды, сондай-ақ қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.