Шымкентте «Қару» іс-шарасы қорытындыланды

Ағымдағы жылдың 17 мен 26-қазан аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 2769 қару иелері тексеріліп, заңсыз айналымнан 11 қару тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері қару иелерін тексеру жұмыстарында әкімшілік жауаптылыққа 715 тұлға тартылған болса, оның 501-і қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жазаланды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.