Шымкентте рота командирлерінің жиыны өтті

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімінде рота командирлерінің оқу-әдістемелік жиыны өтті.

 

25-тен астам әскери қызметші қатысқан жиынды бөлім командирі подполковник Нүркен Карагуловтың басшылығымен жүзеге асырды. Жиын бағдарламасында атыс, тактикалық, саптық, физикалық, техникалық даярлық, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылған.

Дәрістерде, тактикалық және көрнекі сабақтарда офицерлер жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибелерімен танысты, жауынгерлік даярлықтың, ішкі қызметті ұйымдастырудың және бөлімшелердің күнделікті қызметінің әдістемелік дағдыларын бекітті.

«Жиын барысында біз жаңа білім алдық, практикалық дағдыларды бекіттік, сондай-ақ жеке құрамды басқару мәселелері бойынша ротаның басқа командирлерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болдық. Осының барлығы бізге әрі қарай қызметте көмектеседі», – деп атап өтті рота командирі капитан Ерсейіт Тәжібаев.

Соңғы кезеңде рота командирлері жауынгерлік даярлықтың барлық пәндері бойынша сынақтар тапсырды. Офицерлердің дайындық деңгейін бағалау кезінде, ең алдымен, тез өзгеретін жағдайдағы бөлімшелерді басқарудың жаңа әдістерін сапалы қолдануға назар аударылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.