Шымкенттік полицейлер автокөліктен қаруға ұқсас зат тәркіледі

Ағымдағы жылдың 21-қазанында сағат 00.00 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қазыбек би-Л.Толстого көшелерінің қиылысында күмән тудырған «Daewoo» автокөлігін тоқтатқан.
Автокөлікті қарау кезінде алдыңғы орындықтың астынан қаруға ұқсас зат анықталған. Аталған қару тәріздес зат айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Автокөлік иесі Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде азаматқа қатысты оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.
Өз кезегінде қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 4-қарашасына дейін «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.