Шымкенттік полицейлер “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі“ іс-шарасы барысында оқушыларға жолда жүру ережелерін үйретті

2022 жылдың 14-ақпанынан бастап қала аумағында автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі“ республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында Әл-Фараби АПБ Ювеналдық полиция бөлімінің инспекторлары қаладағы № 13 жалпы орта мектептің оқуышыларына жолдың жүріс бөлігінде ойнауға болмайтынын ескертіп, жол ережелері бойынша бастауыш сыныпқа ойындар ұйымдастырды. Сонымен қатар көлік көп жерде жолды тек белгіленген жерден және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін түсіндіріп, оқушыларды жол белгілерімен таныстырды. Сабаққа қатысқан оқушылар тәртіп сақшыларына көкейкесті сауалдарын қойып,толыққанды нақты жауаптарын алды.
Сақшылар балалардан осы қарапайым жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін сұрайды. Сондықтан жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін сақтаған күннің өзінде жолда аса қырағылық таныту керек екендігін ескертеді.
Айта кетейік, аталған іс-шара ағымдағы жылдың 23-ақпанға дейін жалғасын табатын болады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.