Шымкенттік полицейлер балаларға мектеп құралдарын алып берді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде балаларға мектепке қажетті заттар алып берді.

— Бұл игі шара бірінші жылы ұйымдастырылып жатқан жоқ. Балалардың қуанышын көрген бақыт қой. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 50-ден астам оқушыға мектепке қажетті құралдарды сыйға тарттық. Балалар сабағын тек беске оқып, білімді, еліміздің арқа сүйер азаматтары болсын деп тілейміз, — деп атап өтті Қаратау ауданының полиция қызметкерлері.

Соңында тәртіп сақшылары балаларды оқу жылының басталуымен құттықтап, жақсы баға, білімге деген ұмтылыс тіледі, ал олар өз кезегінде жақсы оқуға уәде берді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.