Шымкенттік полицейлер дәмханадан жүзік ұрлаған азаматшаны ұстады

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, қаладағы дәмханалардың бірінде тамақтанып отырғанында белгісіз біреу байқатпай сөмкесіндегі алтын жүзігін қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 55 000 теңгені құраған.
Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған дәмханаға бағыт алды. Арызданушы азаматшадан, басқа да көрген-білгендерден жауаптар алынды. Бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Нәтижесінде, полицейлер жүзік ұрлаған азаматшаны тұрғылықты мекен-жайынан анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматша өзі қолды еткен жүзікті қаладағы ломбардтардың біріне бас пайдасы үшін 13 500 теңгеге өткізіп жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы тексерілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындарды жеке заттарына аса сақ болуға шақырады.
Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.