Шымкенттік полицейлер темір құбырларын ұрлаған азаматты бір тәулікте ұстады

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, үйінің ауласында тұрған темір құбырларын сағат 16:00-20:00 аралығында белгісіз біреулердің қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгені құраған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына жұмылды.
Тәртіп сақшылары ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, небәрі 1 тәулік ішінде ұрлық жасаған азаматты анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 46 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.
Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.