Шымкенттік полицейлер тұрғынды оқуға түсіріп беремін деп, алдап соққан азаматшаны ұстады

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, бейтаныс азаматшаның сеніміне кіріп, жоғарғы оқу орнына оқуға түсіріп беремін деп, алаяқтық жолмен 500 000 теңгесін иемденгенін жазып көрсеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды.
Аталған жайт бойынша, тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап ақшасын иемденген азаматшаны қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматша арызданушыдан алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталып жатыр.
Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Егер Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.