Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғыннан қаруға ұқсас затты анықтады

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция подполковнигі Е.Құрбанбаев, полиция аға лейтенанты М.Исаханов, полиция лейтенанты Ғ.Ергешбайұлы қызмет атқару барысында Жаңа шахар шағынауданында жаяу жүргіншілер өткелінен күмән тудырған азаматты байқайды.

Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, құжаттарын сұрағанда азаматтың қалтасынан қаруға ұқсас зат анықталады. Ер азамат Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде азаматқа қатысты оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Өз кезегінде қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 4-қарашасына дейін «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.