Шымкенттік полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында кездесулерді жалғастыруда

Еңбекші АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры А.Төрехан тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаларға көмек көрсетті. Әйелдерге құқықтық көмек беріліп, сондай-ақ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қаладағы дағдарыс орталықтарымен бірлесіп адамдар көп жиналатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі және сенім телефондарының нөмірлері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.