Шымкенттік тергеуші ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Ғылыми-зерттеу орталығының «Байланыссыз тәсілмен есірткі заттарын таратуға қарсы іс-қимыл барысында жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбы аясында «Байланыссыз тәсілмен есірткі заттарын таратуға қарсы іс-қимыл жұмысын ұйымдастыру» атты онлайн-форматта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған конференцияға Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі Серік Бакиров қатысты. Іс-шараның мақсаты құқық қорғау органдарының қызметі саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми ақпараттармен тәжірибе алмасу болып табылады. Онлайн-конференцияда байланыссыз тәсілмен есірткі заттарын таратуға қарсы іс-қимыл барысында жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырумен қамтамасыз етуде жедел-іздестіру және тергеу бөліністері қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.