Шымкенттіктің гаражы астынан аса ірі көлемдегі марихуана сақталған жертөле табылды

Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады.

Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды. Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған. Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлем болып табылады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.