СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 560 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Түркістан облысы «жасыл аймақта» тұр. Өңірде 31 тамызда COVID-19 індетінің 45 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.35 % құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 3 600 орын бар. Мұнда 1185 науқас ем қабылдап жатыр. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 12 843 жағдайы анықталды. Оның 9205-і симптомсыз өткен.
Айта кетейік, егу науқаны басталғалы 735 486 адам вакцина салдыруға ниет білдірген. Бұл – 78,5% көрсетіп тұр. Екінші компонентпен 580 135 адам қабылдаған. ІІ-кезен бойынша вакцинациялау қамту пайызы- 61,9%. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.
Қазір облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, бүгінге дейін 974 953 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 902 адам тексерілді.
Бүгінде вакцина сақтайтын қоймада көлемі 300 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш (-20оС) бар. Сонымен қатар,облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20 дана мен 601 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш сатып алынып, толық жеткізілді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.