СОТТА ӨКІЛДІК ЕТЕ АЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР

Жоғары білімді, заңгер мамандығы бар тұлғалар сенімхат негізінде сотта өкілдік ете алады. Сотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: шартты, заңды, жарғысы бойынша, қоғамдық, ресми. Азаматтық процестік Кодексіне сәйкес мына тұлғалар сотта өкіл бола алады: адвокаттар, заңды тұлғаның қызметкерлері.

Осы ұйым мүшелерінің мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымның уәкілетті адамдары. Тең қатысушының тапсырмасы бойынша тең қатысу­шылардың біреуі. Іске қаты­сушының рұқсатымен басқа да адамдар. Әрекетке қабілеттігі жоқ және шектеулі азаматтың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаушылары, хабар-ошарсыз кеткендердің мүлкіне қатысты істер бойынша мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам. Қайтыс болған адамның мүлкіне қатысты іс бойынша немесе қамқоршы.

Сотта өкілдік ете алмайтын тұлғалар  қатарына АПК-нің 60-бабы бойынша мыналар кіреді.

Судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органның депутаттары. Өкілдік – басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне, әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады.Сенімхат дегеніміз бұл – бір адамның (сенім білдірушінің) өз аты­нан өкілдік ету үшін  екінші (сенім білдіретін) адамға берген жазбаша уәкілдігі (АК-ның 167-бабының 1-тармағы). Сондықтан сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам әрекетке қабілетті болуы тиіс. Мәміленің ерекше түрі –сенімхат үшін оның міндетті жазбаша түрі болуын көздейді.

Сенімхат жеке тұлағаларға, заңды тұлғаларға беріледі. Жеке тұлғаларға ақылы, жалпы ереже бойынша, заңды тұлғаның атынан берілетін сенімхат оны сенім ауысуы тәртібімен беретін жағдайлардан басқа реттерде, нотариаттық куәландыруды талап етпейді.Сенімхатқа оның басшысы немесе құрылтай құжаттарымен уәкілеттік алған адам қол қояды. Мысалы басшы орынбасары. Сенімхат мазмұнында, АК-ның 168-бабында осы жағдайды толықтыратын нормалар көзделген. Сенімхаттың берілген күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс және мерзімі көрсетілмесе жарамсыз болып табылмайды.Ондай жағдайда бір жылға жарайды деп есептелінеді.

Сенімхаттың күші жойылғаны жөнінде хабардар болған жағдайда немесе қандай да бір өзге негіздер бойынша сенімхаттың тоқтатылғаны жөнінде білген үшінші жақ сенім білдірген адаммен мәміле жасауға құқысыз болады.

Т.Сәдуақас,

Арыс аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.