Спорт –достық мекені
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің қолдауымен Түрікменстанда жыл сайын өткізілетін Дене шынықтыру, спорт және мәдени-сауықтыру шараларына арналған спорттық сайыс өткізiлді.
Спорттық іс-шараға университеттің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, студенттер, Шымкенттің тұрғындары, спорт әуесқойлары қатысты. Жоғары деңгейде өткізілген сайыс өте қызықты және тартысты өтті. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мен қатысушылар осындай спорттық іс-шаралар барлық елдердегі спорттық-сауықтыру қозғалысына тың серпін беретіндігін айтты.
Іс-шараның мақсаты — спортты дамыту, тұрақты дамудың мақсаттары мен салауатты өмір салтын насихаттау.